Семинар

2021 жылдың 13 мамырында № 43 «Қызғалдақ» балабақшасында  онлайн режимде «Денсаулық сақтау технологиясы негізінде балалардың салауатты  өмір салтын қалыптастыру»  тақырыбында онлайн семинар-практикум өтті.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық сақтау технологияларымен тәжірибе алмасу арқылы нәтижелерге қол жеткізу.
       Семинар барысында мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері: Қонарбекова А.Қ, Кожахметова Г.Ш.  ұйымдастырылған оқу қызметтерін жоғары денгейде көрсетті.
     Шебер сағат барысында тәрбиешілер Кумисбаева А.Ш., Испамбетова С.С.  денсаулық сақтау технологиясы негізінде саусақ жаттығулары мен тыныс алу жаттығуларының түрлерімен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
      Балабақша  психологы Сейтова С.И.  «Екі қолмен сурет саламыз.» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп,  іс – жүзінде екі қолмен сурет салу – мидың екі жарты шарын бір мезетте іске жұмылдыру тәсілдерімен таныстырды.

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
№ 43 «Қызғалдақ» балабақшасы МКҚК
 
Денсаулық сақтау технологиясы негізінде балалардың салауатты
өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы қалалық онлайн семинар
ХАТТАМАСЫ
ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде
 

https://us02web.zoom.us/j/89248351262?pwd=bzlvL1JVRXIxdHFXa0xhNnZwdzZKUT09

Идентификатор конференции: 892 4835 1262
 
Өткізілген күні: 13.05.2021ж.
Уақыты: 1030
Өткізілген орны:
№ 43 «Қызғалдақ» балабақшасы,  Телжан Шонанұлы көшесі, 47
Қатысқандар:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері
Барлығы: 63 адам
 
Семинар тақырыбы: «Денсаулық сақтау технологиясы негізінде
балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру»
 
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық сақтау технологияларымен тәжірибе алмасу арқылы нәтижелерге қол жеткізу.
Семинар-практикумда қаралған мәселелер :
  1. Кіріспе
№ 43 «Қызғалдақ» балабақшасының  меңгерушісі   Жунуспекова К.У.
  1. Тақырыбы: «Денсаулық сақтау технологияларының тиімділігі» бейне шолу.
№ 43 «Қызғалдақ» балабақшасының  әдіскері Мұсаева Б.С.
  1. Ұйымдастырылған оқу қызметі
 «Дәруменнің пайдасы»
№ 43 «Қызғалдақ» балабақшасының   тәрбиешісі Қонарбекова А.Қ.
  1. Ұйымдастырылған оқу қызметі.
«Маша идёт в гости к Мише»
 № 43 «Қызғалдақ» балабақшасының  
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалар тобының
тәрбиешісі Кожахметова Г.Ш.
  1. Шеберлік сағаты
«Жаттығулар біздің өмірімізде»
№ 43 «Қызғалдақ» балабақшасының   
тәрбиешілері Кумисбаева А.Ш., Испамбетова С.С., психологы Сейтова С.И.
  1. Рефлексия
 
Семинар-практикум барысында:
     Балабақша  меңгерушісі   Жунуспекова К.У. ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде қосылып отырған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілерімен және қонақтармен амандасып семинар бағдарламасымен таныстырды.
2 мәселе бойынша:  балабақша  әдіскері Мұсаева Б.С.
Денсаулық сақтау технологияларының тиімділігі жөнінде, жұмыс жоспарына сәйкес жыл бой өткізілген іс шаралардың бейне шолуын онлайн режимде қосылып отырған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері мен қонақтар назарына ұсынды.
3 мәселе бойынша: «Балдырған» МАД  тобының тәрбиешісі
Қонарбекова А.Қ. ҰОҚ өткізді.
Білім саласы:  «Денсаулық»
ҰОҚ: Қауіпсіздік мінез-құлық негіздері.
ҰОҚ  тақырыбы: «Дәруменнің пайдасы»
Мақсаты: тәжірибе жасай отырып дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсініктерін кеңейту, баланың логикалық ойлауын, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін  дамыту. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білу, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.
      Оқу қызметі барысының ерекшелігі балалар денсаулыққа пайдасы мол құрал жабдықтарды қолданды. Денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, соның ішінде түтікше арқылы тыныс алып сурет сала алады, шырпылар арқылы саусақтарға жаттығу жасай отырып саусақ маторикасын дамытты.
3 мәселе бойынша: Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалар тобының тәрбиешісі Кожахметова Г.Ш. алдын ала түсірілген ұйымдастырылған оқу қызметін бейне жазба арқылы көрсетті.
Образовательные области: Коммуникация.
Раздел: Развитие речи.
Тема: Автоматизация звука [ш] «Маша идёт в гости к Мише»
Цель: закрепление произношения звука [ш] в слогах,  словах,  чисто говорках и предложениях.
ҰОҚ жүргізу барысында «Ш» дыбысын буындарда, сөздерде, сөз тіркестерінде автоматтандыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып, ҰОҚ барысында балалар тапсырманы толық, нақты орындады.
4 мәселе бойынша:  «Жаттығулар біздің өмірімізде» тақырыбында шеберлік сағаты жүргізілді.
        Шебер сағат барысында тәрбиешілер Кумисбаева А.Ш., Испамбетова С.С.  денсаулық сақтау технологиясы негізінде саусақ жаттығулары мен тыныс алу жаттығуларының түрлерімен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
        Балабақша  психологы Сейтова С.И.  «Екі қолмен сурет саламыз.» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізіп,  іс – жүзінде екі қолмен сурет салу – мидың екі жарты шарын бір мезетте іске жұмылдыру тәсілдерімен таныстыра отырып жас мамандарға екі қолмен сурет салғызып  өз тәжірбиесімен бөлісті.
5 мәселе бойынша: Рефлексия
Онлайн режимде семинар барысын бақылап отырған балабақша меңгерушілері мен қонақтарына сөз кезегі берілді.
     Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ережепова А. К. мен   Білім беруді жаңғырту орталығы Мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту бөлімінің əдіскері Әзімбай Б. К. сөз берілді.
Әзімбай Бибігүл Кəрімбердіқызы:
  • Денсаулық сақтау технологиясы негізінде балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы қалалық онлайн семинар жұмысы № 43 «Қызғалдақ» балабақшасының ұжымының жүйелі жүргізілген жұмысының нәтижесін көрсетті деп ойлаймын, іс шара өз мақсатына жетті. Бүкіл әлемді жайлаған пандемия кезінде бүкіл қоғам, педагогтарымен ата – аналар алдында тұрған салауатты өмір салтын қалыптастыру міндеті өзекті әрі маңызды, сондықтан да бүгін өз іс тәжірибесімен бөліскен № 43 «Қызғалдақ» балабақшасының ұжымына алғыс айта отырып, кәсіби шеберліктерінің шыңдалуын, шығармашылық табыс және тың идеялар тілеймін. Рахмет деп сөзін аяқтады.
№ 67 «Шұғыла»  балабақшасының мегерушісі Даримова Ф. А. сөз алды
  • Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған денсаулық сақтау ойын технологиялары» тақырыбында атқарылған семинарларыңыздан құнды ақпарат алдық, ең бастысы техникалық ақаулар болмады. Психолог маманың екі саусақпен сурет салу, ҰОҚ барысы мемлекеттік стандарттан аспай керемет денгейде өткізілді. Ұжымыңызға рахмет, шығармашылық табыс тілеймін деп сөзін аяқтады.
№ 51 «Алтын сандық» балабақшасының мегерушісі Туганбаева Б. У. сөз алды
  • Семинар барысынан алған әсерлеріміз өте жоғары, ҰОҚ барысы, қойылған мақсат, одан шықан нәтиже өте тамаша болды. Денсаулық сақтау ойын технологиялары негізінде жұмыстың жүйелі жүргізіліп отырғаны көрініп тұр. Семинар жоғары денгейде өтті деп сөзін аяқтады.
№ 38 «Шаттық» балабақшасының мегерушісі Ахметжанова А.К. сөз алды
  • Бүгінгі семинар жоғарғы дәрежеде өтті, өзімізге алған мағұлматтарымыз өте көп. Ұжымыңызға рахмет, шығармашылық табыс тілеймін деп сөзін аяқтады.
№ 83 «Жансая»  балабақшасының мегерушісі  Кулбаева Н. С. сөз алды
  • Өте маңызды, мағаналы шебер сағаты өтті. Шебер сағаттарыңызды балабақшалардың семинарында көрсетілсе, өзімізге ұтымды көп ақпарат алдық. Ұжымыңызға рахмет деп сөзін аяқтады.
№ 36 «Балапан»  балабақшасының мегерушісі Иманбаева З. М. сөз алды
  • Семинар өте керемет маңызды, мағаналы болды. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық сақтау технологиялары мектепке дейінгі ұйымдардың басты бағыттарының бірі. Сіздер семинар барысында өте мағаналы, жүйелі жұмыс барысын көрсеттіңіздер. Бұл жұмыстар бір күндік емес, жүйелі әрекеттің нәтижесі екендігі көрініп тұр. Маған ҰОҚ барысында денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып сурет салу, мүсіндеу жұмыстары ұнады. Шебер сағат барысында атқарылған жұмыстарды, өз балабақшамызға сіздердің  педагогтарыңызды шақырып жас мамандарға шебер сағатын өткізуді ұсынамын. Мағаналы семинар үшін ұжымыңызға рахмет, шығармашылық табыс тілеймін деп сөзін аяқтады.
№ 14 «Ақбопе» балабақшасының мегерушісі Джусупова Г.О.
  • Расында сіздерде мағаналы семинар өтті. Кәзіргі таңда «Салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық сақтау технологияларының» алар орыны ерекше. Денсаулық сақтау технологияларына араналған көрнекі құралдарыңыз өте тамаша, балабақша бүлдіршіндеріне ыңғайланып іріктелген. Әріптестермен сөйлесіп келіспесекте, ойымыз бір жерден шығып отыр. Сіздердің педагогтарыңызды өзіміздің балабақшаға шақырып, шебер сағат өткізулерін ұсынамын. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін деп сөзін аяқтады.
    Рефлексия барысында онлайн режимде семинар барысын бақылап отырған балабақша меңгерушілері  https://forms.gle/wFRfSKYLFxeaCT676 ссылкасы арқылыда  кері байланыс берді.
Ссылка арқылы қойылған сұрақтар
  • Сіз не күттіңіз?*
  • Өз құзыреттілігін арттыру
  • Ұйымдастырылған оқу қызметін көру
  • Денсаулық сақтау технологиясымен танысу
  • Сізді не қызықтырады? *
  • Ұйымдастырылған оқу қызметі
  • Шеберлік сағаты
  • Бейне жазба сабақ
  • Эмоционалды жауап *
 Тамаша,   Ойланарлық, Түсінбедім!
Кері байланыс нәтижесі:
Қортынды:
         Жалпы «Денсаулық сақтау технологиясы негізінде балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы қалалық онлайн семинар барысында атқарылған жұмыстарды қортындылауда анықталған мәлелелер:
  • SWOT – талдау
  • Мықты тұстары (S)
  • Қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асырылды.
  • Әлсіз тұстары (W)
  • Тәрбие-білім беру процесінде түрлі педагогикалық технологияларды пайдалану жүйесінің болмауы.
  • Мүмкіндіктер (O)
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулық сақтау технологияларының картатекалары жүйеленуі.
  • Қауіпті тұсы (T)
  • Тәрбие-білім беру үдерісіндегі ата-аналардың белсенділігінің төмендігі.
 
  1. «Денсаулық сақтау технологиясы негізінде балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында атқарылған семинар жұмысы қанағаттанарлық деп есептелсін.
  2. Педагог – психолог С.И. Сейтоваға, тәрбиешілер: А.Ш.Кумисбаеваға және С.С. Испамбетоваға
    «Денсаулық сақтау технологиясы негізінде балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында жинақталған материалдарды жүйелеп, толықтырып қала денгейіндегі авторлық әзірлеме жинақтауын ұсынамыз.
  1. Семиар барысында, білім беру саласында жас ұрпаққа білім беріу жолында белсенділік танытқан үшін келесі педагогтарды марапаттауға ұсынамыз.
Нұр – Сұлтан қаласы Білім басқармасының алғыс хатына:
Әдіскер Мұсаева Б.С.
Педагог – психолог Сейтова С.И.
Тәрбиешілер: Кожахметова Г.Ш.
                       Кумисбаева А.Ш.;
                       Қонарбекова А. Қ.
                       Испамбетова С.С.
«Денсаулық сақтау технологиясы негізінде
балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру»
тақырыбында атқарылған семинар қызметінің
ШЕШІМІ:
  1. Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған денсаулық сақтау ойын технологиялары жүйелі түрде қолданылсын.
Мерзімі: Балабақша күн тәртібіне сәйкес
Жауапты: балабақша әдіскері Б.С. Мұсаеваға және педагог қызметкерлерге  жүктелсін.
  1. Нұр – Сұлтан қаласы Білім басқармасының алғыс хатына педагогтар тізмі бекітіліп, хат жолдансын.
Мерзімі: 20.08.2021 ж. дейін.
Жауапты: балабақша әдіскері Б.С. Мұсаеваға жүктелсін.
  Балабақша меңгерушісі:                                           К.Жунуспекова
          Хатшы:                                                                 М.Мырзагерей.

 

 

 

Buy now